"Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі"
Қазан айының 16 жұлдызында М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2 "Ә" сынып оқушыларымен "Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған елдің тарихын білуге тәрбиелеу.
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсініп, өз құқығын қорғай білуге үйрену.
Сынып сағаты барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдерді айтты. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге үйреткен сынып сағаты мазмұнды өтті.