«Мәдени мұра»
16 қазаннан бастап 20 қазан аралығында «Мәдени мұра» атты
тарихи функционалдық сауаттылық апталығы басталды.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды туған өлкенің тарихымен таныстыру, туған өлкенің тарихын білу, рухани-адамгершілік негіздері мен құндылықтарын қалыптастыру, патриотизмге, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
Балалардың туған өлкесіне ұқыпты және сындарлы қарым-қатынасын қалыптастыру.
Туған өлкенің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру.
Балаларды Отанға, оның өткені мен бүгініне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; айналасынан тарихтың іздерін көруге үйрету;
* Әр түрлі жұмыс түрлері арқылы балалардың зерттеу және танымдық белсенділігін арттыру.
«Тарихи функционалдық сауаттылық» апталығының бірінші күні " Менің туған өлкемнің табиғаты" әнұран айтумен басталып, әр топта "Туған өлкемнің табиғаты" атты фотокөрме ұйымдастырылды. Жалғасын мектепалды тобы "Менің елім Қазақстан" атты сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған іс - әрекет өткізді. Балалар өз туған өлкелері жайында мағлұмат алып, аталған шараларға қызығушылық танытты.
«Мәдени мұра» # мәдени мұра #umckg