back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
“Әсемдік әлемі”
19-10-2023 10:10
“Әсемдік әлемі”

“Әсемдік әлемі” атты эстетикалық сауаттылық апталығының үшінші күнінде 4 “Ә” сыныбында Д. К. Акимжанованың ұйымдастыруымен  “Әдептілік - әдемілік белгісі" атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты - адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдептілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейілділікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлай білуге үйрету.Сайыстың сұрақтары оқушылардың білімдерін жан - жақты байқауға негізделді.Сайыстың кезеңдері “Сұраққа жауап”, "Суреттер сөйлейді”, “Қане, ойланайық”, “Ситуациялық жағдай” кезеңдерінен тұрды.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ойын түрінде өткізілгендіктен балалар қызығушылық танытып, белсене қатысты.Сайыс соңында белсене қатысқан оқушылардың барлығы марапатталды.

Новости