back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Менің елім — тәуелсіз Қазақстан»
23-10-2023 18:04
«Менің елім — тәуелсіз Қазақстан»
5 "А" сынып оқушыларымен «Менің елім — тәуелсіз Қазақстан» атты сынып сағаты  ұйымдастырылды. Республика күніне орайластырылған іс-шара Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, балалардың бойында патриоттық сезімді ояту мақсатында өткізілді. Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталған сабақ  барысында оқушылар топқа бөлініп ойын ойнап, интеллектуалды сайыста да бақ сынады. Сынып жетекшісі Айгерім Сүйіндікқызы оларға «Біздің Отанымыз — Қазақстан» атты журналды тарту етті. Оқушылар журналдың ішіндегі Қазақстан Республикасына қатысты танымдық ақпаратпен танысып, картаның бетіне әр өлкенің ерекшелігін бейнелейтін жапсырмаларды орналастырды. Сабақ соңында сынып естелік суретке түсті.
#25_қазан_Республика_күні
#Білім_бөлімі
Новости