
Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 1 қарашада М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде "Отбасы - тәрбиенің басты ұясы" атты 7 "А" сыныбы ата-аналарымен жиналыс ұйымдастырылды. Қатысқан ата-аналарға позитивті тәрбиенің мәні, балаға деген құрметтің ерекше болу керектігі, баланың ең мықты қырларын ашып, дамыту, балаға деген көзқарастың түбегейлі өзгеру керек екендігі, ата-ананың баласына деген мейірім қуатының маңыздылығы турасында айтылды. Мұғалім тарапынан ұйымдастырылған "Менің балам...", "Жұмбақ доп", арт терапия жаттығуларына белсенді атсалысып, еркін ой бөлісіп, пікір алмасқан ата-аналар әдемі көңіл күймен тарқасты.
#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ