back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі»
15-11-2023 17:30
«Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі»
Қараша айының 14-ші жұлдызында мектебіміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бірлестігі  апталықтың екінші күнінде «Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі» тақырыбын ашты. "Балдырған" шағын орталығы ұйымдастыруымен өткізілген мобильді кітапхана  "Ертегілер еліне саяхат" ойын-сауығында бүлдіршіндер QR код арқылы ертегілер тамашалауға болатынын білді. Балалар үшін ғажап дүние, сиқырлы әлем сияқты болды. Кішкентай бүлдіршіндер аса қызығушылық танытты.
   Мектепалды сыныптары "Кітапты пайдалану ережесі", сюжеттік-рөлдік ойын "Кітапхана", "Кітаптарды емдейміз" тақырыбында кітапханада  кітаптарды емдейтін дәрігер ретінде балалармен бірге ауырған кітаптарды емдеді. Рөлге еніп, әр бала кітапты ұқыпты ұстау керек екенін білді. 
   Мектепалды сыныбының тәрбиешісі Сыздыкбаева Э.Ж. педагогтармен  шеберлік сынып ұйымдастырды. Тақырыбы: "МДҰда QR технологияны қолдану", яғни кітап оқу, ертегілерді, мультфильмдерді QR-код арқылы көру жолдарымен таныстырды және күн тәртібінде қолдануды ұсынды. 
   Әр топ тәрбиешілері ата-аналарға "Кітаптарға ұқыпты қараймыз" атты кеңестер ұсынды. Апталықтың  екінші күні өте қызықты өтті. 
#umcro#кітапқұпиялары
Новости