15 қараша күні Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары Қарағанды қаласында Батырлар күніне орай өткізілген іс-шарада ресми түрде АНТ қабылдады.
Олар көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, оларға Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.