back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
" Зорлық - зомбылықсыз 16 күн"
01-12-2023 09:44

Желтоқсанның 1 күні " Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" іс - шара аясында мектебіміздің педагог - психологы Айнұр Жомартқызы мен әлеуметтік педагогы Гүлсара Ерболатқызы оқушылар арасында " Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ " тақырыбында психологиялық науқанын ұйымдастырып өткізді. Науқанның мақсаты: Оқушыларға зорлық - зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру, балаларға өз орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға тәрбиелеу. Науқан кезінде оқушылар " Додокаэдр" әдісі арқылы зорлық - зомбылық тақырыбында сұрақтарға жан - жақты дұрыс жауап беріп, тәтті сыйақы алды. Бұдан басқа оқушылар " Бала құқығы" ағашына өздерінің құқықтары мен міндеттерін жазып қойды. Шара соңында балалар науқаннан алған әсерлерімен бөлісіп, бір - біріне жылы лебіздерін білдірді. Оқушыларымызға бақытты балалық шақ тілейміз!

Новости