"Тұрмыстық зорлық - зомбылықпен күресу "
Қарашаның 30 - шы жұлдызында " Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" республикалық науқаны аясында аудандық орталық кітапханасында "Тұрмыстық зорлық - зомбылықпен күресу " тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада мектебіміздің педагог - психологы Сулейменова Айнұр Жомартқызы қатысушыларға " Отбасының бала өмірінде алатын рөлі" тақырыбында ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы тренинг элементтерін қолдана отырып, түсіндірме жұмысын жүргізді.