back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
"Педагог-мәртебелі мамандық"
06-12-2023 10:13
Мектебімізде "Өнегелі өмір" жобасы аясында "Педагог-мәртебелі мамандық" тақырыбында зейнеткер ұстаздармен кездесу өткізілді.
Оқушылар көп жыл еңбек жолың болашаққа арнаған аяулы ұстаздарға арнап өлең шумақтарын оқып, күмбірлеген күй орындап, сыр сұхбатымыз әдемі леппен өз жалғасын тапты.
Зейнеткер ұстаздар оқушыларға жүрекжарды ізгі тілектерін айтып, ақ батасын берді.
Аталған іс-шара балалар мен ұстаздардың арасындағы сыйластықты одан әрі күшейте түсті. Үлгі тұтар ұстаздардан әлі де болса алатын тәлім-тәрбиелерінің мол екендігін көрсетті.
Іс-шара соңында мектебіміздің директоры Жанкуатова Күлпаш Даукесовна зейнеткер ұстаздардың бiлiм мен ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеп, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хатымен марапаттады.
Новости