back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу
19-12-2023 16:42
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу
Бүгін, мектебімізге 9-11 сынып оқушыларымен Нұра ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.А.Аубакирова, Бас маманы А.Е.Жанаөміров және Нұра ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты С.Ж.Тамаев бірлесіп ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген адам жауапқа тартылатынын еске салып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін (ҚР ҚК 273-бабы) бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 17,25 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделгені туралы ақпараттармен бөлісті. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктелетіні ескертілді.
Новости