Бүгін, Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы мен өнегелі өмірін насихаттау мақсатында аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті. Байқау екі кезең бойынша жүзеге асты. Бірінші кезең, Сәкен Сейфуллиннің шығармаларынан үзінді оқу, екінші кезең өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап беру.
Аталмыш іс-шараға мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша, 9-сынып оқушысы Божбанбай Рабия мен 10-сынып оқушысы Нұмақ Досымжан байқауға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталса, 11-сынып оқушысы Өмірзақ Аяулым 2-орынға ие болды. Байқауға қатысқан оқушыларымыз құнды сыйлықтармен де марапатталды.