"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі атыстардың алдын алуы"
М. Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде қаңтар айының 15 жұлдызында 11" Ә " сыныбының жетекшісі С.С. Кайдарова мектеп психологы Айнұр Жомартқызымен бірлесіп оқушылар арасында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың, балалар ортасында мектептегі атыстардың алдын алуы" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, қоғамдағы зорлық - зомбылыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін түсіндіру. Сынып сағаты барысында оқушылар зорлық - зомбылық дегеніміз не? Зорлық - зомбылықтың түрлері қандай? Зорлық - зомбылықты қандай адамдар жасай алады? Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керектігі жөнінде ақпарат алып, бейнебаян тамашалады. Осы тақырып төңірегінде оқушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.