back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
"Прекрасная должность-быть на Земле человеком! "М.Горький"
21-02-2024 11:50

21-ші  ақпан күні жоспарға сәйкес, 9"Ә" сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Назымбекованың "Прекрасная должность-быть на Земле человеком! " М.Горький " тақырыбында өткізген ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Өзіңе де, өзгеге талап қоя білетін пән мұғалімі сабақтың  басынан аяғына дейін,тапсырмаларды оқу мақсатына жету шеңберінде құрастырған. Тіл сабағында қолданылатын 4 тілдік дағдылар бір -бірімен жүйелі байланысып, уақытында жемісін беріп отырды. Афоризмдердің таңдап алынуы, ананың балаға деген шексіз махаббатын жеткізу арқылы оқушылардың сабаққа қызушылықтарын оята білді. Сабақ барысында АКТ тиімді қолдана білді.Онлайн сабақ барысында, топқа бөлу қиындық тудырса да, оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмысты тиімді ұйымдастырды. Сонымен қоса, оқушыларға қалыптастырушы бағалауды ұмытпай, жеке жұмыс жүргізді. Сабақ жоспарланған уақыт бойынша нақты, оқу мақсаттары анық, шешу жолдары қол жетімді болды. Бала жүрегіне жол таба білетін, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына ұлттық құндылықтардың асыл қазынасын құя білетін Асел Жамбековна сияқты ұстаздарымыздың қатары көбейе берсін.

Новости