Сәуір айының 17 күні мектебіміздің педагог - психологы Айнұр Жомартқызы жас мұғалімдердің мамандыққа бейімделуіне көмектесу мақсатында жас мамандармен жұмыс өткізді. Шара кезінде қатысушылар түрлі - түсті қағаздар арқылы темперамент типтеріне бөлініп, "Темперамент маңыздылығы" тақырыбында ақпарат алды. Әр мұғалімнің мінез - құлық ерекшеліктеріне кеңестер беріліп, жаднамалар таратылды. Қатысушылар бала тәрбиесіне байланысты жағдаяттық сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Жұмыс "Қар қиыршықтары" жаттығуымен жалғасты. Шара соңында мұғалімдер қоржыннан жас мамандарға арналған алдағы уақытта еңбектеріне мотивация беретін жылы тілектерді оқып, жақсы көңіл - күймен қайтты .
"Темперамент маңыздылығы"