back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Жас Ұлан», «Жас Қыран»
23-10-2024 18:06
«Жас Ұлан», «Жас Қыран»

Ағымдағы жылдың 23-қазанында Республика күніне орай Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясы бойынша Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мақсаты: қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсіну; туған елін шексіз сүю; бүгінгі  жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқор, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Осы мақсаттарға жету барысында бүгінде мектебіміз  бойынша 25 оқушы ұйымға қабылданып,  «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарынан талап етуге ант етті.

Новости