
Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету, баланың өмірін сақтауға көмектесетін ережелерін түсіндіру, бейтаныс адам мен қауіпсіздік арақашықтығын сақтау, қорғаныс әдістерімен таныстыру мақсатында желтоқсанның 17 күні мектебіміздің педагог - психологы, балалар қауіпсіздігі бойынша аудандық деңгейдегі мектеп жаттықтырушысы Айнұр Жомартқызы 3 сынып оқушылары арасында "Жеке қауіпсіздік" тақырыбында сынып сағатын өткізді.Сабақ барысында оқушылар "Жеке қауіпсіздік деген не?", "Баланың өміріне қауіп төндіретін адамдар кімдер?", "Қылмыскердің түр - келбеті қандай болады?", "Бейтаныс адам мен баланың арақашықтығы қанша болу керек?", "Қауіпті және қауіпсіз орындарға қандай орындар жатады?" т.б. өзекті сұрақтарға жауап алып, "Тоқта! Жақындама!", "Картоп қабы" қорғаныс жаттығуларын жасады.