back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Ашық сабақ
03-02-2025 12:59
Ашық сабақ
“Айналамыздағы математика” апталығы аясында 9 “ә”-сынып оқушыларында “Келтіру формулалары” тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты:
- Келтіру формулалары ұғымын енгізу;
- ⁠Келтіру формулаларын қолдана отырып, тригонометриялық теңдеулерді шешу қабілетін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылармен бірлік шеңбердің әр ширегіндегі тригонометриялық функциялардың таңбасын wordwall.net платформасы арқылы қайталап, тақырыппен танысу үшін ребус шештік.
Математикалық сауаттылыққа байланысты есеп шығардық: Төмендегі сандар белгілі бір заңдылықпен жазылған, Заңдылықты тауып сұрақ белгісінің орнына келетін санды анықтаңыз.
127, 63, 31, 15, ?
Сонымен қатар сабақ барысында жұптық, топтық, жеке жұмыстарда қаралып үлгердік. Сабақ соңында кері байланыс өткізіп, оқушылардың сабақ бойынша ойларын, тақырыпты қаншалықты түсінгендерін, қандай сұрақтар туындағанын анықтадық.
Новости