back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
«Үздік 100 сабақ-2025» жобасы
02-04-2025 08:57
«Үздік 100 сабақ-2025» жобасы
Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру, тәжірибе алмасу, оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру мақсатында мектебімізде ағымдағы жылдың ақпан айының 01-28 аралығында «Үздік 100 сабақ-2025» жобасы аясында ашық сабақтар өтті. Жобаға барлық педагог мамандар, тәрбиешілер, бастауыш және пән мүғалімдері қатысты. «Үздік 100 сабақ-2024» жобасы төмендегі талаптар бойынша өткізілді:
* Әр пән мұғалімі өзінің пәні бойынша екі ашық сабақ өткізуге ұсыныс білдіреді;
* Сабақ ұзақтығы 45 минуттан артық болмауы тиіс;
* Сабақ тақырыбының нақтылығы;
* Сабақтың жүйелігі;
* Нәтижеге бағытталған әдістің қолданылуы;
* Жаңашыл әдістің қолданылуы;
* Сөйлеу әрекетінің төрт түріне (оқылым-жазылым, тыңдалым-айтылым) арналған инновациялық жаттығулардың болуы;
* Рефлексия дағдысын қалыптастыру әдісі;
* Сабақты қорытындылау шеберлігі.
* Сабақтың мағынасы мен мәнін, тақырыпты толық ашу;
* Білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану;
* Сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу;
Жобаға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін «педагог зерттеуші» мұғалімдерден арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамын мектеп директоры бекітті.
«Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББМ» педагогтерінің үздік ашық сабақ жоспарлары «Үздік 100 сабақ-2025» жинақ кітабына енгізілді.
Арнайы құрылған комиссия шешімі бойынша: мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиешісі Сыздықбаева Э.Ж, бастауыш сынып мұғалімі Қабылда Ж.Е, математика пәнінің мұғалімі Дюсенбі Ж.Е ,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казимова А.З, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абдығапар Г.М сабақтары үздік деп танылып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Новости