Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қазақтың ұлттық ойыны асық ату және бес асық

Нұра ауданының ауа тіреуіш спорттық кешеніңде, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қазақтың ұлттық ойыны асық ату және бес асық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілігі өтті.
Жалпы, ұлдар мен қыздар арасында асық атудан және бес асықтан ұйымдастырылған ашық біріншілікке 40- қа жуық жас спортшылар қатысты. Ұлдар арасында 6 команда бақ сынаса, ал қыздар арасында 4 команда ойын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша қыздар арасында бес асық ойынынан І орынды мектебіміздің 4 Ә сынып оқушылары Біргебай Еркеназ, Болатхан Айғаным, Ақберген Айша және Даптар Наз, ал ІІ орынды 3 Ә сынып оқушысы Қадырбай Томирис иеленсе, 5 Ә сынып оқушысы Калмахан Ару, 3 Ә сынып оқушылары Жанбек Жанерке, Магзумова Амина, Сулейменова Райяна үздік, епті, шебер ойыншылар номинациясы бойынша марапатталды.
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!