
Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні аудандық әжелер мен ардегерлер ұйымының мүшелері К.А. Жумадилова мен Л.К. Шорабекова "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде 6 сынып оқушыларымен кездесті. «Қыздармен өнегелі әңгіме» атты тәрбие сағаты мектебіміздегі әжелер мектебі клубының жоспарына сай өткізілді. Көпті көрген әжелеріміз қыз баланың инабатты, иманды, тәртіпті болуын, ұлттық дәстүр мен салтты қастерлеу керектігін ерекше атап өтті. Қатысушылар ашық әңгіме арқылы тәрбиелік мәні зор кеңестер тыңдап, өздерінің сұрақтарын қойып, өмірлік бағыт алды. Тәрбие сағаты тағылымға толы, әсерлі өтті.