back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
«Сенімен болашақ»
16-04-2025 11:03
 «Сенімен болашақ»
Нұра ауданы ішкі саясат бөлімі М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының мұғалімдерімен «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының директоры Тоқмурзина Индира Жанұзаққызымен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар кездесуге арнай «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Карисова Ғайни Сәтжанқызы , Қарағанды облысының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Арыстанова Наталья Ивановна қатысты.
Шара барысында отбасындағы тәрбие, әке мен ананың рөлі, зорлық-зомбылық мәселелері қозғалды, сонымен қатар Индира Жанұзаққызы отбасылық құндылықтар, саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіру, бақытты отбасы моделін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жайлы кеңінен ақпарат берді.
Бала тәрбиесі күн тәртібіндегі бас­ты мәселе болудан еш толастаған емес. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас шыбықтың бойына тәрбиенің дәнін егу, оның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – әрдайым өзекті мәселе.Отбасының қамалы берік болса, Отанымыздың іргесін де ешкім сөге алмайды.
Кездесу соңында мектеп директоры Елтай Жанарыс Саятұлы мен директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Орынтай Март өз алғыстарын білдірді.
Новости