back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
60 жылдық асыл тарих - білім мен тәрбиенің алтын діңгегі!
30-04-2025 11:16
60 жылдық асыл тарих - білім мен тәрбиенің алтын діңгегі!
60 ЖЫЛДЫҢ АСҚАРЫНДАҒЫ МЕКТЕП
Аудан орталығы орталығындағы қара шаңырақ - М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына биыл тура 60 жыл толып отыр. Бүгін самғаған сәттер мен жарқын естеліктерге толы оқу ордасының мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. «Шұғыла» ансамбілінің «Бабалар мұрасы биімен ашылған салтанатты жиынға аудан әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы, Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы Такишев Дархан Жанболатұлы, әр жылдары түлеп ұшқан шәкірттер мен ардагер-ұстаздар қатысты.
Екі бөлімнен тұрған ілкімді шараның «Самғатқан сан қыранды алтын ұя» атты ресми бөлімінде аудан әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы арнайы құттықтап, мектебімізге интербелсенді тақтаны сыйға тартты. Сондай-ақ ауданымыздың құрметті азаматтары құттықтауларын жеткізді. Аталмыш шара барысында Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданының білім бөлімі «Құрмет» грамотасымен білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін біршама мектеп ұстаздары марапатталды. Бұл кеште болашақ ел қорғандары — «Жас Сарбаз», «Жас сақшылар» сыныптарының оқушылары орындаған патриоттық әндер барша көрерменге рух сыйлады.
Ал мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 1-сынып оқушыларының бал-бұл жанған жүзі, әдемі биі — көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Балдәурен балалық шақтың, кіршіксіз ақ ниеттің, алғашқы іңкәр сезімдердің бастауы болған «Мерекелік қоңырау» сыңғыры математика пәнінен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасының жеңімпазы, 11-сынып оқушысы Рысмағанбетов Аманғали және Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында өткен «АлашSTAR» көпжанрлы би байқауында жүлделі I орын иегері атанған, 1-сынып оқушысы Сайранова Нұрайға және «Сағыныш қоңырауын» соғу рәсімі мектебіміздің 1965 жылғы алғашқы түлегі, көп жыл білім саласында еңбек еткен, педагогикалық еңбек ардагері Мақсұтов Зарлық Мақсұтұлына және биылғы оқу жылында Мұқағали, Абай оқуларынан көптеген жетістіктерге жеткен 1-сынып оқушысы Құдайберген Сараға берілді.
Бірінші бөлімнің әдемі қорытындысы музыкасы мен сөзін жазған мектебіміздің ұстазы Аужанова Кенже Сүйебайқызының «Алтын ұя» әнімен мәресіне жетті.
Тәлімді шараның екінші бөлімі «Шын жүректен» тақырыбымен акт залында жалғасын тапты. Әдемі кездесу кеші күмбірлеген домбыра үнімен ашылып, Мағжанның мұңды да асқақ тағдырына негізделген «Мағжан – мәңгілік өр тұлға» атты сахналық қойылыммен өрбіді.
Іле мерекелік шараға ортақтасып келген білім саласының майталмандары, ардагер ұстаздар, белсенді оқушыдан озық тұлғаға айналған шәкірттер ақ жарма тілектерін жаудырды. Кеш барысында мектептен түлеп ұшқан өрендер, бүгінде «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі Жандос Бақытұлы мен айтыскер, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Жақия Нұрбол киелі сахна төріне көтеріліп, айтысты қыздыра түсіп, қонақтардың делебесін қоздыра түсті. Күмбірлеген күй, әуезді ән, ырғақты би кешімізді ажарлай түсті.
Мектеп бітірген түлектердің осы салтанатты жиынға қатысуы – жас ұрпақты мектеп тарихымен сусындатып, аға буын өкілдерінің жақсы істерінің үлгісінде тәрбиелеуге үлесін қосатынына сенімдіміз.
Мектептің 60 жылдығы – біздің жетістіктер тойы, сонымен қатар, өткен жылдардан сабақ алып, қазіргі заманға сай мектептің алдында тұрған мақсатқа тағы да бір серпін беру.
60 жылдың асқарына шыққан мектептің ғұмыры әлі ғасыр жалғассын.
Новости