
М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ 9-сынып оқушылары Б.Әбдікәрімов атындағы "Нұра көпсалалы колледж" қабырғасында ұйымдастырылған аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік сынаққа қатысты. Іс-шара аясында түлектер түрлі білім беру бағдарламаларымен, оқыту шарттарымен танысты. Ерекше назар практикалық бөлімге аударылды — «Тамақтануды ұйымдастыру», «Тігінші», «Электргаздәнекерлеуші» және «Автокөлік техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша шеберлік сағаттар өткізілді. Қатысушылар әр салада өз деңгейлерін сынап байқады.