"Нұра дарыны - 2025"

Мамырдың 21-ші жұлдызында Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен алғаш рет "Нұра дарыны - 2025" интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойынға мектеп-гимназиямыздан 3-4 сынып оқушыларынан құралған "Тек қана БІЗ! " командасы білім сынасты. Команда құрамында 4"А" сыныбынан Балғабай Жанасыл, 4"Ә" сыныбынан Біргебай Еркеназ, 3"А" сыныбынан Мейрам Медина, 3"Ә" сыныбынан Дюсенбі Ерқанат қатысып, өз білімдерін көрсетті. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Қатысқан 15 команданың ішінен мектеп-гимназиямыздың командасы жүлделі бірінші орынға ие болды.