back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Сынып сағаты
09-09-2025 14:31
2025 жылғы 5 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 7 "Ә" сыныбында сынып жетекшісі Бауыржан Жанеркенің ұйымдастыруымен "Буллингтен қорғану. Жеке шекара" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағаты оқушыларды шаттық шеңберіне біріктіруден басталды. Шара барысында оқушылар буллинг ұғымы туралы өз пікірлерін ортаға салып, өмірлік мысалдар арқылы тақырыпты талқылады. Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға буллингтен қорғанудың жолдарын түсіндіру және жеке шекараны қалыптастыру болды.
 
Сынып сағатының соңында оқушылардың бірлігін нығайту мақсатында қыз балалар ұл балаларға жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, шағын сыйлықтар табыс етті. Іс-шара оқушылардың бір-біріне деген құрметі мен сенімін арттыруға бағытталды.
Новости