«Ұлттық ою-өрнектерді әшекейлеу»
Шағын орталықта «Ұлттық ою-өрнектерді әшекейлеу» тақырыбында шығармашылық іс-әрекет ұйымдастырылды. Іс-әрекеттің мақсаты – балаларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын таныстыру, ою-өрнек түрлерімен таныстырып, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Балаларға қазақтың дәстүрлі оюлары көрсетіліп, олардың атаулары мен мағынасы түсіндірілді. Содан кейін балалар берілген дайын ою бейнелерін түрлі-түсті мақталармен жабыстыру арқылы әшекейледі.
Балалар белсене қатысып, өз қолдарымен жасаған жұмыстарынан қуаныш сезінді. Бұл әрекет арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі қалыптасты.