«Ұлттық валюта күні»
Бүгін 5 «Ә» сыныбында «Ұлттық валюта күні» және «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?» тақырыптарында сынып сағаты өтті.
Оқушылар ұлттық теңгенің тарихымен танысып, еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің маңызын ұғынды. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағында балаларға өз қауіпсіздігін сақтау, бейтаныс адамдардың ұсыныстарынан сыпайы әрі сенімді түрде бас тарту жолдары түсіндірілді.
Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, өмірлік маңызды дағдыларды меңгерді.

