“Okutime” коммуникативті оқу-сауаттылық апталығы
“Okutime” коммуникативті оқу-сауаттылық апталығы аясында М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ жанындағы “Балдырған” шағын орталығының “Балдырған” тобымен “Бұл қай ертегі?” ертегіні тап ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті.
ҰІӘ басты мақсаты — балалардың ертегілер арқылы танымдық белсенділігін арттыру, сөйлеу тілін дамыту және қазақ халқының ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ояту болды.
Ойын барысында балалар әртүрлі жұмбақтар шешіп, ертегі кейіпкерлерінің дауыстарына еліктеп, сұрақтарға жауап берді. Бұл ойын балаларды шапшаң ойлауға және ойды дәл жеткізуге үйретті.