«Көңілді ойындар» тақырыбында дене тәрбиесі ұйымдастырылған іс-әрекеті
«Балдырған» шағын орталығының «Айгөлек» жартыкүндік тобында «Көңілді ойындар» тақырыбында дене тәрбиесі ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді. Іс-әрекеттің мақсаты — балалардың ептілік, шапшаңдық қабілеттерін дамыту, топпен бірлесе әрекет етуге, татулыққа тәрбиелеу болды.
Балалар түрлі қимылды ойындарға белсенді қатысып, кедергілерден өту, доппен жаттығу, дәлдік пен жылдамдықты қажет ететін тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Іс-әрекет соңында балалар көңілді, көтеріңкі күйде қалды. Мақсат орындалып, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі артты.

