“Қуанышпен оқу:нейроактивтілік оқу жетістіктеріне қалай әсер етеді?” семинар-практикум
2025 жылдың қараша айының 28 жұлдызында аудандық деңгейде ұйымдастырылған “Қуанышпен оқу: нейроактивтілік оқу жетістіктеріне қалай әсер етеді?” семинар-практикум аясында мектепалды сынып тәрбиешісі Г.С. Шолбаева “Сенсорика” тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара мақсаты – баланың есте сақтау, зейін, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған, “нейрожаттығулар, сенсорлы ойындар” күнделікті іс-әрекетке енгізу тәжірибесімен бөлісу.
Семинар барысында қатысушылар назарына мидың екі жарты шарының қызметін үйлестіруге арналған қарапайым әрі тиімді жаттығулар ұсынылды.
Практикалық бөлімде педагогтармен бірге жаттығуларды орындап, олардың әсерін бақылап, пікір алмасты. Семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға, сондай-ақ нейропедагогика элементтерін қолданудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

