back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп директоры жанындағы кезекті отырыс
12-01-2026 13:22
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп директоры жанындағы кезекті отырыс

М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп директоры жанындағы кезекті отырыс өткізілді. Отырыстың негізгі мақсаты – оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, өзекті мәселелерді талқылап, алдағы жұмысты жүйелеу болды.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. 10-сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру:
2. «Үш тұғырлы тіл» жобасындағы мәселелер:
3. 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі:
Бастауыштан орта буынға өткен оқушылардың жаңа жағдайға бейімделуі, оқуға қызығушылығы, сынып ішіндегі психологиялық ахуал мәселелері қарастырылды. Психолог пен сынып жетекшілерінің бірлескен жұмыстары атап өтілді.
4. Білім алушылардың сабаққа қатысы туралы салыстырмалы талдау:
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша өткен жылмен салыстырмалы талдау жүргізіліп, себептері анықталды. Жауапты сынып жетекшілерге бақылауды күшейту тапсырылды.
5. 2, 3, 4-сыныптарда оқу техникасын зерделеу:
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдылары, оқу қарқыны мен түсіну деңгейін анықтау үшін жүргізілген оқу техникасы тексеру жұмыстарының қорытындысы тыңдалып, нәтижелері бойынша қосымша шаралар ұсынылды.
6. «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының жұмысы:*
Өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділігі, мектепішілік шараларға қатысуы, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстар сараланды.

Отырыс соңында мектеп директоры Ж.С.Елтай аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, алдағы жұмыс бағыттарын айқындады.

Новости