back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында педагогикалық кеңес отырысы
12-01-2026 13:24
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында педагогикалық кеңес отырысы

2025 жылдың 30 желтоқсан күні М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогикалық кеңесте бірінші мәселе ретінде II тоқсандағы оқу үлгерімі мен білім сапасына талдау жасалды. Бұл бағытта Шулембаева А.С. тоқсандық нәтижелерді саралап, білім сапасын арттыру мақсатында нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Аязбекова Г.Ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық пәндік олимпиаданың II және III кезеңдерінің қорытындылары бойынша есеп беріп, жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілердің еңбегі ерекше аталды.
Электронды журналды жүргізу сапасы мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру жолдары туралы Кусаинова А.К. айтып өтті. Сулейменова А.Ж. ASPPM HR+ автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп, бұл жүйенің оқушылардың психо-эмоционалдық жағдайын бақылаудағы маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Шорманова Г.Е. оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы жайлы ақпарат беріп, қамту көрсеткіші мен тағам сапасына қатысты бақылау нәтижелерімен бөлісті.

Педагогикалық кеңес қорытындысында мектеп әкімшілігі тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, білім мен тәрбие сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.

Новости