2025 жылдың желтоқсан айының отыз бірінші жұлдызында мектепке дейінгі тәрбиенің тәрбиешілері мен педагогтарының қатысуымен әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Жиын барысында жартыжылдық жұмыс қорытындыланып, әр топтың жетістіктері мен алдағы міндеттері талқыланды.
Отырыстың басты тақырыптарының бірі – *аралық мониторинг нәтижелері* болды. Балалардың даму деңгейі, білім беру салалары бойынша ілгерілеу мен қиындықтар сараланып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасты.
Шара барысында тәрбиешілер өзара пікір алмасып, болашақта жұмысты жетілдіру жолдары мен әдістемелік қолдау бағыттарын белгіледі. Отырыс нәтижесінде нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.


