Жаңа жыл мерекесіне орай 9-сынып оқушыларымен танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Жаңа жылдың шығу тарихы мен әр елдегі тойлану дәстүрлері туралы қызықты мәліметтер алды. Танымдық сұрақтар мен ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Сабақ соңында мерекелік көңіл-күй қалыптасып, оқушыларға жақсы тілектер айтылды.