Мектебімізде бүгін ерекше білім мерекесі өтті!
"Айқанат" қорының ұйымдастыруымен Айқанат олимпиадасы өткізілді.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болған – Қарағанды облысы бойынша Айқанат қорының үйлестірушісі Макажанова Айман Маратовна және мектебіміздің мақтанышы, Алтын белгі иегері, Айқанат қорының волонтері Якубовский Денис. Олимпиадаға Баршын тірек мектебі РО, Қарақойын ЖББМ, А.Құнанбаев ЖББМ, Сарыөзен НМ барлығы 32 оқушы қатысты.
Оқушылар білімдерін сынап, өз қабілеттерін көрсетті. Бұл – тек сайыс емес, болашаққа бастар үлкен мүмкіндік!
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!