«Өркендей бер, Қазақстаным»
Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 6-сыныбында 1-мамыр Қазақстан Республикасының бірлігі күні «Өркендей бер, Қазақстаным» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. Сынып жетекшісі: Г. Бахыт