
Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 7-сыныбында «Біз әртүрліміз, бір теңбіз»,«Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу. Оқушыларды шұғыл қызметтердің негізгі нөмірлерімен таныстыру. Шұғыл қызметтерге қандай жағдайларда қоңырау шалу керектігін түсіндіру. Жедел қызмет операторларына ақпаратты дұрыс және нақты жеткізуге үйрету. Сынып жетекшісі: Г. Бахыт