back-image
"С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ
Организации> "С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ
11 түлектеріне аттестат табыстауы салтанатты түрде өтті
21-06-2023 11:35
11 түлектеріне аттестат табыстауы салтанатты түрде өтті
Бүгін 21 маусым күні С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беретін  орта мектебінің түлектеріне жалпы білім беру туралы аттестат табыстау рәсімі өтті. Түлектердің арасынан биылғы жылы Макашева Камила Айратовна "Алтын белгі" иегері атанды. Салтанатты жиында Макашева Камилаға ауыл әкімі Ж.М.Байбейлов аудан әкімінің арнайы құттықтауын жеткізіп, "Алтын белгі" төсбелгісін тағып, ақшалай сертификат табыстады. Жиында мектеп директоры Гульмира Амантаевна түлектерді құттықтап, мектеп бітірушілерге аттестаттарын табыстады. Одан әрі ортада аяулы ұстаздар мен ата-аналар, түлектер өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. Енді алда мектеп бітірушілердің алдында үлкен сынақ тұр. Олардың одан да сүрінбей өтетініне сеніміміз мол.
# Нұра Ауданы Білім Бөлімі
Новости