"Шаш өру" қазақ қызына тән әдептілік
С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектепте " Ата- аналарды қолдау" жобасы аясында қыз баланың шаш өріп жүру тәртібі мен 8- сынып оқушысы Дулат Кәусардің әжесі Баубекова Нуржамал апамыз таныстырып,әңгімеледі.
Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік. Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі-шаш, шаштың көркі шаштеңге деп қараған. Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүлебіл шаш деп, өріміне қарай "жалғыз бұрым", "қос бұрым" деп бөлінеді. Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады.
Қазақ халқы шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптары да бар. "Шашыңды қима", "Шашыңды жайма",
" Шашыңды отқа тастама" деген тыйымдар, "Шашың кесілсін" деген қарғыстар бар.
Мақсаты: Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру.
#Біртутас_тарбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert