back-image
"С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "С.О.Талжанов атындағы жалпы білім беру мектебі" КММ
«Ғылым және технология» атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының ашылуы өткізілді
07-04-2025 13:01
«Ғылым және технология» атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының ашылуы өткізілді
С.О.Талжанов атындағы ЖББ мектебінде 2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында өткізілетін «Ғылым және технология» атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының ашылуы өткізілді
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығына бағыт бағдар бере отырып, оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді  қолдана  отырып, жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру мен жеке тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру.
       Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.
Бүгін, яғни 7-сәуір күні оқушыларға апталықтың жоспары таныстырылып,1-9 сыныптар арасында «Салауатты өмір салты» атты сынып сағаттары және 5-7 сыныптар арасында «Жас эрудит» зияткерлік ойын өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтау, пәндерге қызығушылығын арттыру, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелу; география және биология пәндері бойынша негізгі материалдарды қайталау.
#нұрабілімбөлімі
#umckrg
Новости