15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
A.Асылбеков атындағы ЖББМ -де 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай 5-қазақ сыныбында сынып сағаты өткізілді.
Оқушылар өздерінің жанұяларындағы бауырлары мен ата-аналарын құрмет тұтатындарын, өзара сыйластықтары туралы әңгімелеп берді.
Мақсаты: Отбасының адам өміріндегі маңыздылығы мен рөлі, ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет, өз отбасы үшін мақтаныш туралы сенімді қалыптастыру.