Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні мерекесі
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні мерекесі болып аталып келеді. Осыған орай мектебімізде мерекелік шара ерекше аталып өтті. Мерекелік іс-шараға мектебімізде ұстаз болып жұмыс жасаған, ардақты ұстаздарымыз және көп жылдар бойы мектеп қабырғасында шаруашылық қызметін атқарған зейнет жасындағы жұмыскерлеріміз қадірлі қонағымыз болды.
Жиын барысында мектеп директоры Ж.Ж. Султанова қажырлы еңбек еткен ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, қажырлы еңбектері үшін алғысын айтып, ауыл әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жанып, абыройы асқандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады. Мерекелік жиында мектеп ұстаздары мен оқушылары музыкалық сәлемдеме жолдап, құрметті зейнеткер қызметкерлеріміз көңілді көңіл-күймен тарасты.