Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Осы мерекеге орай, мектебіміздің ұстаздары: Б.Е. Бастенова, А.Ж. Рахимберлина және Д.М. Баймаханова Нұра ауданының білім бөлімі басшысы А.М. Есмағанбетовтың құрмет грамоталарымен марапатталды.
Құрметті Әріптестер, баршаңызды ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
#нұраауданыбілімбөлімі