back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Есірткіге – жол жоқ»
13-11-2023 11:13
«Есірткіге – жол жоқ»
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз.
Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Нұра ауданы, Егінді ауылының ЖПҚБ УПИ полиция капитаны С.Т. Сартбаев «Есірткіге – жол жоқ» тақырыбында мектебіміздің оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Новости