back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік»
28-11-2023 17:31
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік»
Мектебімізде 2023 жылғы 27 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық ауқымды акциясы өз бастауын алды.
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы,өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық ауқымды акциясы аясында «Өмір керемет, себебі...» тақырыбында мектеп психологі А.Б. Жусупова тренинг өткізіп, мектебіміздің дәлізінде ақпараттық стенд әзірлеп, өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере біліп, жақсы ойлар ойлау керек екендігін түсіндірді. Оқушыларымыз «Өмір керемет, себебі...» тақырыбына өз ойларын жазып, пікірлерімен бөлісті.
Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету, оларға зорлық-зомбылықсыз жарқын балалық шақ сыйлау- баршамыздың борышымыз.
Новости