Мектебімізде «Медиасауаттылық және психология онкүндігі» өз бастамасын алды. Жаңа жылдық алдын онкүндікте психологияның күнделікті өміріміздегі маңыздылығы туралы, айналамыздағы әлемді қалай қабылдайтынымыз, біздің ойларымыз бен эмоцияларымыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз бізге қандай әсер ететіні туралы қамтылатын болады. Мектеп дәлізінде оқуға кеңес беретін психологиялық кітаптар тізімі ілініп, баспалдақтарға позитивті көңіл-күй мен мотивация беру мақсатында жақсы сөздер жабыстырылды. Онкүндіктің бірінші күні «Іштегі эмоцияларды шығару» ойынымен басталды.
#нұраауданыбілімбөлімі #ойындар #психологияонкүндігі