back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Менің Қазақстанымның 3D картасы» атты панорамалық экскурсия сағаты өткізілді.
11-04-2024 15:03
«Менің Қазақстанымның 3D картасы» атты панорамалық экскурсия сағаты өткізілді.
2024 жылдың 8.04.-12.04 аралығында Абдолла Асылбеков мектебінде «Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығы өтіп жатыр. 
Апталықтың мақсаты:  мәселелерді шешуде тың идеялары бар, жаңаша  стильде ойлайтын, өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
  Осы мақсатты көздей отыра,  бүгінгі жоспарға сәйкес 8-11 сынып оқушыларына «Қаныш Имантаевұлы Сатпаев – әлемдік есімі бар ғалым» атты 11 сәуір күніне жоспарланған - «Менің Қазақстанымның картасы» атты тақырыптық WEB жобалауға байланысты, интернет желістеріне сүйене отыра – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін және компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында –
«Менің Қазақстанымның 3D картасы» атты панорамалық экскурсия сағаты өткізілді.
Информатика пәні мұғалімі Абаева Кулшат Мырзабековна және география пәні мұғалімі Рахимберлина Анаргүл Жарылқасыновнаның   сынып сағатында- информатика  мен география пәні арасындағы сабақтастықтың күрделілігі-  бүгінгі күні айқын дәлелденді! Себебі-қазіргі уақытта бірде-бір сала осы карталарсыз, атластарсыз және жер туралы картографиялық ақпаратсыз жұмыс істей алмайды.Сондықтан интернет желісінде орналасқан нақты ақпараттар дәйегін қолдана отыра, оқушылар Қазақстан аумағында орналасқан барлық облыс орталықтары мен сол облыстарда орналасқан қасиетті елді мекендер және  ғимараттарға онлайн 3D тур жасады. Оқушылардың зейіні Қазақстан аумағында орналасқан түрлі тарихи орындар мен қала және ғимараттарын көре отыра, көп ақпарат алып, қызығушылық танытып, көп сұрақтарға жауап алды!
Новости