"Абай оқулары" байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
18.04.2024ж
8 -11 сынып оқушылары арасында республикалық "Абай оқулары" байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу,оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау,ұлылар поэзиясына,ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді.
1."Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы "-Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы
2."Абайдың қара сөздері "
3."Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары"
4."Көңілім әнді ұғады"
5."Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда"
6."Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі "
Оқушылар әр бағыт бойынша қатысып,шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Нәтижесінде шығармашылығымен танылған "Абайдың қара сөздері " номинациясынан Абдикаримова Асемгуль 9-сынып - 3-орынға ие болды, "Көңілім әнді ұғады" номинациясы Оспанов Данат 10-сынып, "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы Ережепова Жанерке 9-сынып оқушылары 1-орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!