Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлауда!
Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлауда! «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Мереке қарсаңында мектебімізде мерекелік іс -шара өтті. Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры бастап, ауылымыздың ақсақалы өз батасын берді. Сыныптар әр ұлт болып киініп, сол ұлттың өнерлерін көрсетті. Мектебімізде көп ұлтты оқушылар көп болса да, бірлігіміз жарасып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмір сүріп келеміз.
1 мамыр құтты болсын!